"Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Әділбай Марат Қалиұлы
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1966 жылы 11 шілдеде туған.

Білімі жоғары: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заңгер.

1984-1986 жылдары – армия қатарында қызмет.

1992-1996 жылдары – ҚР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері.

1996-2004 жылдар аралығында – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Заңнама бөлімінің консультанты, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Хатшылығының меңгерушісі.

2004 жылдан бастап – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.