Өмірбаяны

Жеке парағы
КОСАРЕВ Владислав Борисович
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің құрметті Хатшысы,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

1937 жылы 16 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген. Орыс.

Білімі, мамандығы:

Омск ауылшаруашылық институты (1968), ғалым-агроном;

КОКП ОК Жоғарғы партия мектебі (1972).

Еңбек қызметі:

1954-1956 жылдары – тракторшы, Көкшетау облысы Рузаевка ауданының «Боровской» кеншары.

1956-1959 жылдары - Кенес Армиясында әскери қызмет.

1959-1961 жылдары – жүргізуші, Көкшетау облысы Рузаевка ауданы «Боровской» кеншары ЛКЖО комитетінің хатшысы.

1961-1968 жылдары – «Мичуринский», «Володарский», «Червонный» кеңшарлардың партия комитетінің хатшысы.

1968-1970 жылдары – Көкшетау облыстық партия комитетінің нұсқаушысы.

1970-1974 жылдары – ЛКЖО Көкшетау облыстық комитетінің 1-хатшысы.

1974-80 жылдары – Көкшетау облысы Ленин аудандық комитетінің 1-хатшысы.

1980-1990 жылдары – Ауылшаруашылық қызметкерлер кәсіподағы Көкшетау облыстық комитетінің төрағасы.

1990-1997 жылдары - Көкшетау облыстық Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы.

1998-1999 жылдары - «Interteach» денсаулық және медициналық сақтандыру Қазақ ұлттық корпорациясы Көкшетау қаласындағы өкілдігінің директоры.

1990-2004 жылдары – ІІ-сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ақмола облысының № 1 округінен.

2004-2013 жылдары – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ОК хатшысы (басшысы).

2012-2016 жылдары - V-сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚКХП тізімі бойынша.

2016 жылғы наурыз айында ҚКХП тізімі бойынша VІ-сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бюросының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистер» фракциясының басшысы.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Зандылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша Консултативтік Кенесінің мүшесі.

Еңбек Қызыл Ту екі орденімен (1973, 1979 жж);
«Құрмет Белгісі» үш орденімен (1968, 1971, 1976 жж);
«Құрмет» орденімен (2012 ж);
«Содружество» орденімен (2015 ж., РФ);
«Парасат» орденімен (2017 ж);
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен;
көптеген медальдармен марапатталған.

Жеке парағы