Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

19.04.2024 16

Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы комиссиясының XI отырысына қатысты.

19.04.2024 29

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы аясында Астана – Минералды сулар бағыты бойынша тікелей авиарейсті іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жетті.

18.04.2024 54

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Жанна Асанова Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты.

18.04.2024 86

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина, Айгүл Қапбарова және Алтынбек Нұхұлы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты.

18.04.2024 104

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады. Сондай-ақ өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

17.04.2024 81

Сенатор Геннадий Шиповских Солтүстік Қазақстан облысындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттері мен эвакуация орталықтарын аралады. Депутат тасқын судан зардап шеккен облыс тұрғындарымен кездесу барысында шығынды өтеу тәртібі мен мемлекеттік қолдау көрсету туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсетуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдайда тиімді әрекет ету және зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

17.04.2024 87

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемеақы төлеу мәселелерін талқылады.

17.04.2024 131

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Оксфорд ислам зерттеулері орталығының директоры Фархан Ахмад Низамимен кездесті. Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу және рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

16.04.2024 103

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығына қатысты заң талқыланды.

16.04.2024 136

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.

16.04.2024 87

Депутат Серік Өтешов Қарағанды облысында өңір аудандарының жағдайымен танысты. Сенатор қорғаныс бөгеттерін күшейту, ойпат жерлерге майда тастар мен топырақ төгу, құм салынған қаптар қойылған учаскелерді қарап шықты. Депутат сондай-ақ Шет ауданындағы үйлерін су басқан тұрғындарға барып, тасқыннан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ауыл тұрғындарына айтып берді.

15.04.2024 104

Сенат депутаты Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында Бескөл, Тепличное, Мичурино ауылдарының, сондай-ақ  Петропавл қаласындағы Кожевенный, Заречное, Подгорное шағын аудандарында эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

15.04.2024 112

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар осы аптаға жоспарланған іс-шараларды пысықтап, 18 сәуір күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

13.04.2024 148

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев аналитиктерге Big Data-мен жұмыс істеу және ЖИ-ді қолдану тәсілдерін үйрететін семинардың ашылуына қатысты. Курсқа Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері және Талдау мектебінің осы салада белсенділігімен танылып жүрген түлектері қатысып жатыр.

12.04.2024 165

Парламент Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Фара Карими бастаған делегациясының құрамында түрлі саладағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың келешегін сарапшылармен бірге талқылады.