Медиа орталығы

Жаңалықтар

Д. Құсдәулетовтің депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бахытжан Әбдірұлы!

Депутаттық сауал жолдауымызға еліміздің жолдарында жарақатқа ұшырау және адам өліміне апарып соғатын қиын жағдай себеп болып отыр.

Сенат депутаттарымен жыл сайын жол қозғалысының қауіпсіздігiн қамтамасыз ету және денсаулық сактау саласындағы уәкілетті органдардың басшыларымен кездесулер өткізіледі, бұл тақырыпқа байланысты депутаттық сауалдар да ұдайы жолданып отырады.

Бұл мәселеде қолданылған шараларға және белгілі бір өзгерістерге қарамастан көрсеткіштер айтарлықтай азайған жоқ. Статистика жолдарда жарақатқа ұшырау және адам өлімі бойынша көрсеткіштердің шамалы ғана азайғанын көрсетеді. Бірақ, цифрлар әлі де жоғары болып қалып отыр.

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дамыған елдерінің қатарына кіруге бағыт алды. Бірақ, біз бұл мақсатты іске асыра алмаймыз, себебі, егер бізде 2017 жылы жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде адам өлімі 100 мың адамға шаққанда 11 жағдайды құраса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дамыған елдерінде, мысалы, Швецияда бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 2 өлімге тең.

Жолдардағы адам өлімі және жарақатқа ұшырау проблемасы кешенді болып табылатыны сөзсіз. Ол оның қатысушылары тарапынан жол жүру қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету, жолдардың сапасын, жол таңбасын, инфрақұрылымын, техникалық байқауды жақсарту жөніндегі жоспарлы жұмысты, уақтылы медициналық көмек көрсетуді және тағы басқаларын қажет етеді.

Уәкілетті органдар мен әкімдіктер халық пен депутаттардың алдында жоспарланған керсеткіштерге қол жеткізілгені, өткізілген ic-шаралар мен жұмсалған бюджет қаражаты туралы жиі есеп бepiп, мәселенің түбегейлі өзгеретінің айтып сендіреді.

Есептік кезенде белгілі бip жұмыстар атқарылғанымен, олар тек бip peттік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында атқарылуда. Кейін барлыгы қайтадан өз ағымымен жүріп, бұрын жүргізілген реформаларды жоққа шығарады.

Жүргізушіге көлікті басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізіп, бұл ережені бұзғандарға айыппұл сала бастады және көлік жүргізушілердің басым бөлігі көлік жүргізу барысында телефонды пайдаланбайтын болды.

Бүгінде «Сергек» жүйесі пайда болып, автопатрульге көшкеннен кейін жүргізушілер көлік басқару кезінде телефонмен сөйлесуден аса корықпайтының айтпағанда, әлеуметтік желілерде хат алмасып, видеороликтер қарап отырады. Ол аздай, жүргізуші қозғалыстағы көліктен түсіп, билей бастайтын флешмобтар шығып жатыр және бұл әрекет видеокамераға түсіріледі. Сондай-ақ той кортеждерінде, балаларды алдыңғы орындықта автоорындықсыз немесе жүргізушінің қолында тасымалдауға қатысты да үнемі жанжалдар туындап жатады.

Жолдарда жол-көлік оқиғаларын жасауға жиі қауіп төндіретін бұзушылықтарды көруге болады. Бірақ ішкі істер органдарының қызметкерлері осындай құқық бұзушылықтарға ден қоймайды. Мысалы, аялдамаға тыйым салынған, жанға толы көшеде жүргіншілерді мінгізу-түсіру үшін қосылған «аварийкасымен» күрт тоқтау. Мұндай тоқтау Қазақстан автомобилистері үшін «игі дәстүр» болуда.

Көбінесе ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтаудың осындай тәсілін өздері қолданады және Жол жүру қағидаларының басқа да бұзушылықтарын жасайды.

Жазаның қолданылмай қалмайтындығы қағидатының және жазаның сай келушілігінің болмауы Жол жүру қағидаларын бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік туғызбайды. Айыппұлдарды төлету деңгейі төмен болып қалып отыр. Заңға бағынатын азаматтар болмашы құқық бұзушылықтар кезінде айыппұлдарды уақтылы төлейді. Бірақ жолдағы негізгі жұмыс қасақана құқық бұзушыларға, «желікпелер жүргізушілерге» және агрессияшыл жүрісті қолданатын жүргізушілерге қатысты жүргізілуге тиіс.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлікті тоқтату, жол қозғалысын реттеу кезіндегі сауатсыз әрекеттері көпшілікте агрессия туғызып, барлық билік органдарын құрметтемеушілікке әкелетіні анық.

Көлік құралдарын техникалық қараудан өткізуді нарыққа берілген. Мемлекеттің органдардың бақылауындағы бірінші жылдары жолдардағы автокөліктердің техникалық жағдайлары жаксарған болатын. Алайда арада аз уақыт өткен соң жолдарда жол жүру қатысушыларына және басқаларға қауіп төндіретін жарамсыз немесе тыйым салынған жарық құралдары, жарамсыз тораптық агрегаттары бар автомобильдерді көруге болады.

Көптеген жерлерде жолдардың, жол таңбасының, жарықтандырудың, жаяу жүргіншілер өтетін жерлердің жай-күйі жақсартуды қажет етеді. Тұтастай алғанда, Қазақстан бойынша және әрбір өңірде жеке жол-көлік оқиғаларының картасын жасауға, ал содан соң жолдың қауіпті учаскелерінде жүйелі алдын алу шараларын өткізуге, қажетті жабдықты орнатуға мүмкіндік бар.

Бұқаралық ақпарат құралдары сұмдық авариялар және олардың ауыр салдарлары туралы тақырыптарға толы. Мысалы, наурыз айында Алматыда жеңіл автомобиль қатты жүріп бара жатыпжүретін жолда тұрған ЗИЛ-ге соғылды. Жол-көлік оқиғасы әйел адамның, ер адамның және баланың өмірін қиды. Тамыз айында Қарағанды-Балқаш жолындағы сұмдық аварияда 6 адам қайтыс болды.

Тек жүргізушілердің тарапынан ғана емес, жол жүру қауіпсіздігі үшін жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шала жұмысы мұндай жол-көлік оқиғаларының себептері болып табылады. Мұндай шала жұмыстар жолдардағы бұзушылықтарға, жол-көлік оқиғаларына, жарақатқа ұшырауға және адам өліміне әкеп соғады.

Өйткені мемлекеттік органдар бақылау, бұзушылықтарды тіркеу және әкімшілік жаза салу үшін ғана емес, сонымен қатар профилактика жүргізу, алдын алу шараларын қолдану және жағдайды уақтылы кешенді реттеу үшін құрылған.

Осы баяндалғандарды ескере отырып, Сізден жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдар басшыларының есептерін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында міндетті түрде тыңдай отырып, олар жүргізетін кешенді жұмыстың жай-күйі туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Депутаттар

Д. Құсдәулетов

Г. Ким

Р. Әбдікеров

С. Айтпаева

В. Волков

М. Тағымов

Р. Түсіпбеков

01.10.2018-ғы № 23-8-1/2129 дз шығыс хаты

01.10.2018-ғы № 2761//23-8-1/2129дз кіріс хаты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына

(тізім бойынша)

2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 15-13-263 Д/С

Құрметті депутаттар!

2018 жылғы 6 қыркүйекте Парламент Сенатының пленарлық отырысында жарияланған, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты Сіздердің депутаттық сауалдарыңызға мынаны хабарлаймын.

2014 жылы қабылданған «Жол жүрісі туралы» Заң барлық уәкілетті органдардың, сондай-ақ жол жүрісі саласына тартылған жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің нақты жүйесін құрды.

Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) неғұрлым өрескел бұзушылықтар (автокөлікті масаң күйде басқару; қарсы қозғалыс жолағына шығу; жылдамдықты арттыру; жаяу жүргінші жолдарымен, тротуарлармен жүру және т.б.) үшін жауапкершілік күшейтілді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде автожолдарды салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланды және жүргізілуде. Батыс Еуропа – Батыс Қытай (ұзындығы 2484 км) халықаралық транзиттік дәлізін, Астана – Теміртау (171 км), Алматы – Қапшағай (104 км), Қапшағай – Балпық би (143 км), Бейнеу – Шетпе (260 км) және Көкшетау – Петропавл (277 км) автомобиль жолдарын реконструкциялау аяқталды.

Сондай-ақ, 18 ірі елді мекенді (Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент қалалары және т.б.) айналып өтетін жолдардың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды.

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 4 мың км. асатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша тағы 16 жоба іске асырылуда. Бұл жолдар жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарымен, фото-бейнебақылау жүйелерімен, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыратын инженерлік құрылыстармен жарақталып, заманауи талаптарды ескере отырып, салынуда.

Ағымдағы жылы автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне 13 мыңнан астам тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 12 мыңнан астам нұсқама берілді, 1,5 мыңнан астам лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қалалар мен жергілікті елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қарастыратын Үкімет жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асуда.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен барлық жерлерде ЖЖҚ бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйесі енгізілуде, қазіргі уақытта олардың 3300-ы орнатылды, олардың көмегімен барлық тіркеліп жатқан ЖЖҚ бұзушылықтарының 30 % анықталуда.

Тек Астанада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шеңберінде өткен жылы 400 жол қиылысы мен жолдардың 300 желілік учаскесіне «Сергек» тіркеу камералары орнатылды, олардың көмегімен жылдамдық режимін және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бұзушылықтарының 259 мыңнан астам фактісі анықталды.

Қазіргі уақытта ЖЖҚ-ның басқа да айқын бұзушылықтарын анықтайтын және тіркей алатын «Сергек» тіркеу камераларының функциялық мүмкіндіктері кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде (автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдалану, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, көлік құралдарының тоқтап тұру және аялдау, қарсы жолаққа шығу және басқа да).

Оларды Астана қаласында қолдану практикасы жүргізушілердің тәртібін біршама арттыруға және ЖКО санын 20%, қайтыс болғандар - 50% және жарақат алғандар - 21% төмендетуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы ұқсас жобаларды Алматы қаласында, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында іске асыруға кірісу жоспарлануда.

Көлік құралдарын техникалық қарау талаптарын күшейту мақсатында ағымдағы жылы 116 қарап тексеру операторы тексерілді, 600 астам бұзушылық анықталды, оның ішінде Техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұза отырып берілген 359 диагностикалық карта анықталды. Қағидаларды жүйелі бұзғаны үшін тізілімнен 20 техникалық қарап тексеру операторы алып тасталды, 82 оператордың қызметі тоқтатылды.

Жалпы жыл сайын 2,5 млн. астам ЖЖҚ бұзушылық анықталады. Осы жылдың басынан бастап көлікті мас күйінде басқарудың 18 мыңға жуық фактісі, 136 мыңнан астам телефон пайдалану ережесін бұзу және 18,2 мың балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құралдарын пайдаланбау фактілері анықталды. Бұдан басқа ЖЖҚ дөрекі бұзғаны үшін 2,2 мың адам әкімшілік қамауға алынды, 25,7 мың адамды сот көлікті басқару құқығынан айырды.

Ресми статистикаға сәйкес ел автопаркінің өсуі (4,3 млн. КҚ) жалғасып келе жатқанына қарамастан, тек соңғы 5 жылдың ішінде елдегі ЖКО саны 27% (23 359-дан 17 019 дейін), оларда қайтыс болған азаматтардың 31% (3 037-ден 2 086 дейін)және жарақаттанғандар саны 25% (29 872-ден 22 256 дейін)төмендеді.

Бұл ретте өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда көрсетілген кезеңде 17,7-ден 11,6 дейін төмендеді.

Той картеждері жүргізушілерінің қатысуымен болған құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп, биылғы жылы ЖЖҚ бұзудың 250 астамы анықталды.

Бұдан басқа, жол қозғалысына қатысушылар арасында БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы көлік құралы қозғалған кезде одан шықпауға және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыратын басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндірме жұмысы өз уақытында жүргізілді. Нәтижесінде мұндай акция Қазақстанда кеңінен таралған жоқ.

«Бірыңғай әкімшілік құқық бұзушылықтар тізілімі» жобасын іске асыру шеңберінде жол-патрульдік полицияның қызметіне планшет құрылғылары белсенді енгізілуде, олардың көмегімен инспекторлар құқық бұзушы адамдарды құқық бұзушылықтарды қайта жасауы, сондай-ақ айыппұлдар бойынша қарызының болуы тұрғысынан тексере алады және құқық бұзушы айыппұлды ерікті төлеген жағдайда төлемді қолма-қол ақшасыз төлеу терминалдары арқылы қабылдай алады. Ағымдағы жылдың соңына дейін жол жүрісін бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің 92% планшеттермен жарақталатын болады.

ІІМ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, айыппұлдардың бар-жоғы және оларды азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету пункттерінде төлеу қажеттігі туралы азаматтарды СМС-хабарламалар арқылы хабардар ету бойынша шаралар қабылдауда.

Өткен жылы мәжбүрлі өндіру үшін жеке сот орындаушыларына 377 895 және ағымдағы жылы айыппұл салу туралы 188 664 қаулы жолданды. Осы шаралардың нәтижесінде өткен жылы өндіріп алу деңгейі 76% дейін жеткізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Үкімет отырысында «Жергілікті полиция қызметі жұмысы туралы» мәселені қарау шеңберінде өңірлік әкімдерге қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Б. Сағынтаев

Орын. Н.Б. Рамазанов

Тел. 75-01-16

4

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының тізімі

Д. Р. Құсдәулетов

Г. В. Ким

Р. Әбдікеров

С. М. Айтпаева

В. В. Волков

М. М. Тағымов

Р. Т. Түсіпбеков

Ваш отзыв и предложение по сайту