Сенат -> Медиа-орталығы -> Жаңалықтар

Медиа орталығы

Жаңалықтар

Б. Шелпековтің депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Үстіміздегі жылдың 11 тамызында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында, Құрық портындағы паром кешені ашылды.

Елбасы бұл жобаның тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Еуразия құрлығы үшін маңызы зор екенін, іске қосылған Құрық портының автожол көлік транзитін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын және Құрық порты Түркия мен Жерорта теңізі арқылы Еуропа елдеріне шығу логистикасын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, Құрық портының негізгі бағыттарының бірі автоконтейнерлік тасымалдау екені белгілі.

Осы орайда, Маңғыстаудан Түрікменстан арқылы Иран және Парсы шығанағына шығатын автожол жобасы келешегінің айтарлықтай ерекшеліктері бар.

Алайда, бұл автожол бағытындағы «Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» бөлігінің жұмыстары әзірге өз шешімін таппай келеді.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, Сізден республикалық маңызы бар «Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» жол бөлігі жұмыстарын бастау мүмкіндіктерін қарастыруға ықпал етуіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Б. Шелпеков

М. Бортник

25.09.2018-ғы № 17-8/2119 дз шығыс хаты

25.09.2018-ғы № 2688//17-8/2119дз кіріс хаты

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының

депутаттары

Б.А. Шелпековке, М.М. Бортникқа

2018 жылғы 6 қыркүйектегі

№ 15-13-257д/с

Құрметті депутаттар!

«Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» автожолын қалпына келтіру бойынша жұмыстардың басталуына қатысты.

«Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» автожолының ұзындығы 237 км-ді құрайды, қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 200-230 автомобиль, оның ішінде 33 км – III, 204 км – IV техникалық санатты жол.

2017 жылы ұзындығы 35 км «Жаңаөзен-Кендірлі» автожол учаскесі жөндеуден өткізілді, сондай-ақ ұзындығы 73 км «Жетібай-Жаңаөзен» учаскесін реконструкциялау жұмысы жүргізіліп жатыр, аяқталу мерзімі - 2019 жыл.

«Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» бағытындағы автожолын реконструкциялауды іске асыру «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында қарастырылмаған.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен Үкімет сағатының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұсыныстарына сәйкес Түрікменстан Республикасы Автомобиль көлігі министрлігінің атына «Темірбаба» өткізу пунктіне және кірме жолдарға жаңғырту жүргізудің орындылығы, сондай-ақ Түрікменстан аумағында «Солтүстік-Оңтүстік» автожол дәлізін дамыту перспективасы туралы хат жолдады.

Түрікмен тарапынан аталған автожол бағытын болашақта дамытуға қызығушылық болған жағдайда, сондай-ақ шекаралас өңірлерді дамыту бойынша жоспар ұсынылған жағдайда, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұрын басталған басым жобалар аяқталғаннан кейін аталған учаскені реконструкциялау және/немесе жөндеу мәселесі қаралатын болады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

Ваш отзыв и предложение по сайту