Медиа орталығы

Жаңалықтар

Д. Әділбековтің депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, білім беру саласын мемлекеттік реттеу соның ішінде білім беру сапасын басқарудан тұрады («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 2-тармағы).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Үкіметтің 2005 жылғы 29 сәуірдегі қаулысымен Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау орталығы құрылды. Ол:

- оқушылардың оқу жетістіктерін тәуелсіз сырттай бағалауды енгізуді институционалды қолдауды қамтамасыз ету;

- Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің реттеушісі функцияларын орындауы тиіс еді.

Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйелері Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің ажырамас бөлігі болады деп жоспарланған болатын.

Білім беру сапасын бағалау жүйесінің болуы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарының талаптарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы шолуының негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іске асырып жатқан шаралары білім беру сапасын бағалауға кешенді түрде қарауға мүмкіндік бермейді деуге болады, өйткені Білім және ғылым министрлігі үшін сырттай бағалау ғана басымды болып табылады.

Бұл ретте, білім беру сапасын ішкі бағалау туралы ереже де, білім беру сапасын ішкі бағалау түсінігі білім туралы заңнамада мүлдем ашып көрсетілмеген. Ал білім беру сапасының ішінара жүргізілетін сырттай бағалаудың нәтижелері жергілікті атқарушы органдарға әділетті ішкі бағалауды қамтамасыз етуге және басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Практикада білім беру сапасын бағалау білім беру мониторингінің нәтижелері бойынша емес, Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және оның құрылымдық аумақтық бөлімшелері жүргізетін (білім беру ұйымдарын аттестаттау) сырттай бақылаудың шеңберіндегі бақылау шараларының нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Заңнамаға сәйкес, білім беру сапасын сырттай бағалау және сырттай бақылау Ұлттық бірыңғай тестілеу, Оқу жетістіктерін сырттай бағалау және білім беру ұйымдарын аттестаттау рәсімдерін жүргізу арқылы республикалық деңгейде жүргізіледі, ал ішкі бағалау мен ішкі бақылау білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, білім беру ұйымдарының деңгейінде аралық және қорытынды аттестаттау өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні білім беру сапасын бағалаудың және білім беру сапасын басқарудың ұлттық жүйелерінің жұмыс істеуіндегі проблемалары:

- ұлттық оператор – Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау орталығын жабумен;

- білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйелері мен ішкі білім беру мониторингінің маңызды бөліктерін қорытындылау жөніндегі жұмыстарды тоқтатумен байланысты деп айтуға болады.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың білім беру сапасын бағалау және бақылау бөлігіндегі құзыреттері заңнамада көзделмеген, тиісінше, өңірлерде бұл функциялар іс жүзінде жүзеге асырылмауда.

Более того, в законодательстве компетенции МИО в части оценки и контроля качества образования не предусмотрены, соответственно, данные функции в регионах фактически не осуществляются.

Білім және ғылым министрлігі жүргізіп жатқан білім беру мониторингінің нәтижелері нақты жағдайға байланысты ғана болып отыр, яғни ол білім беру сапасын басқару үшін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ете алмайды.

Оның салдарынан білім беру сапасын бағалау саласында бірқатар елеулі проблемалар туындайды:

- білім беру сапасын бағалаудың аумақтық деңгейдегі ішкі жүйесінің болмауы;

- білім беру сапасын бағалау рәсімдерін бақылау рәсімдерімен ауыстыру;

- білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару принципінің бұзылуы;

- білім беруді демократияландыру процестерінің бәсеңдеуі.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін:

- «білім беру сапасы» түсінігін, білім беру сапасының критерийлері, олардың индикаторлары мен көрсеткіштерін заңнамалық тұрғыда айқындау;

- жергілікті атқарушы органдар деңгейінде ішкі мониторинг және білім беру сапасын ішкі бағалаудың нормативтік негіздерін әзірлеу және енгізу;

- білім беру сапасын бағалаудың тәуелсіз нысандарын дамыту ұсынылады.

Құрметпен,

Д. Әділбеков

Ваш отзыв и предложение по сайту