Медиа орталығы

Жаңалықтар

Ауылды газбен қамту және жол құрылысы мәселелері талқыланды

Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысындағы жұмыс бабындағы сапары аясында Құрманғазы және Исатай аудандарында, Дыңғызыл ауылдық округінде болды.

Сенатор аудан активімен, мәслихат депутаттарымен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Депутат кездесу барысында Парламент Сенатының өткен сессиядағы заң шығару қызметі туралы хабардар етіп, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі алда тұрған міндеттер жайында әңгімеледі. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны іске асыру және салық салудағы ерекшеліктер туралы әңгіме өрістеді. Аудандағы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, салынып жатқан Атырау-Астрахан жолының құрылысы және Қиғаш өзеніндегі балықтың көбеюі үшін түбін тереңдету жұмыстары туралы айтылды. Кездесуге қатысушылар салынып жатқан жол құрылысының сапасы және оны жақсарту туралы сұрақтар қойды.

Сенатор Құрманғазы ауданындағы Дыңғызыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде жергілікті жердегі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, ауылдағы құрылыстар мен әлеуметтік нысандар туралы сөз болды. Депутат сапар аясында Ақтөбе-Атырау-Астрахан-Ресей Федерациясымен шекарасы автомобиль жолының және Зинеден ауылындағы «Ақбота» бөбекжайының құрылыстарымен, «Исатай батыр» шекара заставасының қызметімен танысты.

Сенатор облыс орталығында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық бөлімшесінің ұжымымен де кездесті. Жүздесуде жергілікті жердегі кәсіпкерлікті дамыту және салықтық жеңілдіктер туралы әңгіме болды.

Ваш отзыв и предложение по сайту