Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенатор жас ұрпаққа тілек айтты

Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Нұр-Сұлтан қаласында шетелде тұратын этникалық қазақ оқушыларына арналған «Ұлы дала ұрпағы» атты жазғы мектебінің жабылу салтанатына қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған сенатор Д.Нөкетаева шетелдік балаларға білім іздеп елге келген алғашқы қарлығаштар екенін айта келіп, оларға «Бәйтерек», «Қазмедиа», «Қазақстан Ғарыш сапары», «Ұлттық биотехнология орталығы», «Елбасы кітапханасы» секілді стратегиялық мекемелердің есіктері ашық екенін атап өтті. Назарбаев зияткерлік мектептерінде Қазақстан тарихы, қазақ тілі, STEM жаратылыстану-математика бағдарламасы бойынша сабақ берілді. «Осы қызықты екі апта естеріңізде мәңгі қалады деген ойдамын. Бұл жоба келесі жылдары да өз жалғасын табады деп сенемін», - деді сенатор. Ол сондай-ақ балаларға көк байрақты биікте желбіретер білімді де білікті тұлға болып, өсе беріңіздер деген тілегін білдірді.

Ваш отзыв и предложение по сайту