Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенатор Махамбет және Индер аудандарында болды

Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысындағы жұмыс бабындағы сапары аясында облыстық ішкі істер департаментінде болып, полиция қызметкерлерімен кездесті. Сенатор сондай-ақ Махамбет және Индер аудандарында болды, Ақтоғай және Елтай ауылдық округтерінде жергілікті тұрғындарымен, мәслихат депутаттарымен кездесті. Сенатор елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды аралады, салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты.

Ғ.Дүйсембаев аймақтағы жүздесулерде Елбасының жолдаулары мен Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларынан туындайтын маңызды міндеттерді іске асыру туралы атап өтті. Сенатор сондай-ақ Парламент Сенатының заң шығару қызметі, соңғы сессияда қабылданған заңдар туралы айтып берді.

Жергілікті басшылар сенаторға ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы хабардар етіп, қолға алынған маңызды шараларды таныстырды. Жергілікті бюджетті игеру, ауылдағы кәсіпкерлікті, шаруа қожалықтарын дамыту, жұртшылықтың қаржы сауатын арттыру жайы туралы әңгіме өрістеді.

Ваш отзыв и предложение по сайту