Сенат -> Медиа-орталығы -> Жаңалықтар

Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенаторлар полиция бөлімшесіндегі азаматтарға арналған кеңседе болды

Парламент Сенатының депутаттары Нұржан Нұрсипатов пен Манап Көбенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында полиция департаментінде болды. Сенаторлар полиция бөлімшесінің қызметімен танысып, патрульдік полициядағы, көші-қон қызметіндегі, әкімшілік полициясындағы жаңалықтарға куә болды. Департамент бастығының бірінші орынбасары, подполковник Жасқайрат Қайыров ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру аясында әрі халықпен кедергісіз жұмыс жасау мақсатында жүзеге асқан жұртшылықпен бетпе-бет кездесу кеңсенің жұмысымен таныстырды. Павлодар және Екібастұз қалаларының полиция басқармаларында да осындай жүздесу кеңселері бар.

Облыстық полиция департаментінде биылғы 30 сәуірде ашылған жүздесу кеңселерінде осыған дейін 380-ге жуық азаматқа кеңес берілді.

Сонымен қатар, халыққа ыңғайлы болуы үшін көші-қон жөніндегі қызмет көрсету орталығы ашылды. Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов халықпен жүздесу кеңселерін құру - бүгінгі күннің талабы екенін, полиция бөлімдерінде азаматтарды қабылдауға арналған бөлмелер ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететінін әрі жұртшылықтың полицияға деген сенімін арттыра түсетінін атап өтті.

Сенат депутаттары сол күні облыстық ҰҚК департаменті мен облыстық сотта да болды.

Ваш отзыв и предложение по сайту