Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенаторлар Павлодар облысындағы ауыл еңбеккерлерімен кездесті

Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында Қараоба ауылдық округіндегі Әуелбек ауылында салынып жатқан су құбырының құрылысымен танысып, кәсіпорын басшысымен өндіріс мәселелерін талқылады.

Сенаторлар Ақтоғай ауылдық округінде орналасқан суармалы учаскелерде, егістік алқаптарында және өндіріс нысандарында болды. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру мақсатында сақтау қоймаларын салуды жалғастыру және дамудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Депутаттар Ақтоғай ауылдық округінің Харьковка, Приреченское селоларының аумағында болып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті және егістіктің жай-күйін қарап, шаруашылықтарды дамытудың алдағы жоспарлары туралы әңгімелесті.

Сенаторлар Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Ақтоғай ауданынағы жұмыс сапарын қорытындылай келіп ауыл шаруашылығы саласындағы оң көріністерге тоқталды. Сондай-ақ агроқұрылымдардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы арта түскенін, өндіріс қуаттарының ұлғайғанын, өңірдің аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің маңызын атап өтті.

Ваш отзыв и предложение по сайту