Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенат депутаттары шымкенттіктермен кездесті

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс бабындағы сапар аясында Шымкент қаласында жергілікті тұрғындармен кездесті. Сенаторлар шымкенттік жастармен пікір алмасып, сессия кезінде қабылданған заңдар туралы жан-жақты хабардар етті. Жастар заңдардың талқылану барысы туралы мәліметтер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап естіді.

Н.Бекназаров мен А.Қапбарова жоғарғы заң шығарушы органның жұмысы мен халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі реформаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Әлеуметтік қамсыздандыру, Жастар жылы аясында жүзеге асатын шаралар туралы да айтылды.

Сенаторлар қаладағы белсенді өмір сүру орталығында болып, зейнеткерлермен жүздесті. Шымкенттегі бұл орталық Елбасы Н.Назарбаевтың азаматтардың өмір сүру жасын ұзарту және бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмаларын іске асыру аясында ашылған болатын. Депутаттар Болат Өтемұратов қорының «Асыл Мирас» аутизм орталығының тыныс-тіршілігімен де танысты.

Ваш отзыв и предложение по сайту