Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенат депутаттары Ақмола облысындағы Ақкөл ауданында болды

Депутаттар Дәурен Әділбеков пен Рашид Әкімов Ақкөл аудандық әкімдігінің ғимаратында орналасқан жұмыспен қамту орталығында және Open Space бетпе-бет кездесу кеңсесінде болды. Сенаторлар жаңартылған әрі таяуда жабдықталған ғимараттың ерекшеліктерімен танысты. Мұнда шілде айында 86 мемлекеттік қызмет көрсетілді және 55 адам жеке қабылдауда болған еді. Open Space кездесу кеңсесі жеке бағаналы бірыңғай ашық кеңістік болып табылады. Мамандар мұнда туындаған мәселелер бойынша кеңес береді әрі құжаттарды қабылдайды. Адамдарға рәсімдердің сапалы әрі қолайлы болуы және қысқа мерзімде қажетті қызметтерді көрсетуі үшін барлық жағдай жасалған.

Сенат депутаттары Smart Aqkol ахуалдық орталығында да болды. Онда қаладағы барлық кіші жүйелердегі деректер ақылды қаланы басқарудағы бірыңғай қорғалған тұғырнамасына жиналады. Жоғарыда айтылған белгі беру құралдары арқылы анықталған оқиғаларды тиісті сенсорлар бейне қабырғада көрсетеді. 70-тен астам интеллектуалды бейнебақылау камераларының жұмысы көрсетілді.

Р. Әкімов пен Д.Әділбеков Ақкөл ауданына жұмыс сапарының соңында «Еңбек» серіктестігінде де болды. Директор К.Рақышев жалпы ауданы 1278 шаршы метр болатын майлы және дәнді дақылдардың тұқымдарын кептіру, тазалау және сақтау кешенін көрсетті.

Ваш отзыв и предложение по сайту