Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенаторлар Ақмола облысында тұратын көп балалы отбасымен кездесті

Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашид Әкімов Ақмола облысының Степногорск қаласында болды.

Сенаторлар сапар аясында «Kazakhaltyn Technology» серіктестігінің басшылығымен кәсіпорын жұмысының нәтижелерін талқылап, еңбек ахуалымен танысты. Кездесу барысында кәсіпорын басшысы Семен Хан өндірісті кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы хабардар етіп, жұмыс орындары қысқармайтынын атап өтті. Жұмысшылар әңгіме барысында Степногорск-Заводской жолын жөндеу мәселесін шешу туралы сенаторлардан көмек сұрады.

Ақмола облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы мекемесі филиалының Степногорск қалалық бөлімінде сенаторларға электрондық қызмет көрсету жұмыстары көрсетілді. Негізгі көрсетілетін қызметтердің барлық түрлерінен басқа, мұнда көлік жүргізу және көлікті қайта тіркеу құжаттарын тапсыру мүмкіндігі бар.

Сенат депутаттары сондай-ақ көп балалы Жарымбаевтардың отбасында да болды. Отбасы басшысы Асқар Жарымбаев «ЕПК-Степногорск» акционерлік қоғамында еңбек етеді. Кәсіпорын мен Степногорск әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы биылғы меморандум аясында көп балалы отбасына үш бөлмелі пәтер бөлінді. Пәтер иелері 4 бала тәрбиелеп отыр.

Сенат депутаттары қалалық әкімдік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан «Қолжетімді әкімдік» кездесу кеңсесінде де болды. Аудан әкімінің орынбасары Досхан Әміринов тұрғындарды кедергісіз жұмыс істеуді дамыту мақсатында енгізілген кездесу кеңсенің жұмысымен таныстырды.

Ваш отзыв и предложение по сайту