Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенатор Ольга Перепечина республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында республикалық маңызы бар М-51 «Петропавл-РФ шекарасы» (Қорған облысына шығу) жолын қайта салумен танысып, жөндеу үшін 930 млн.теңге бөлінген Становое-Новомихайловка-Меңкесер-Бексейіт-КТ-22 жолын күрделі жөндеу барысын көріп қайтты.

Сондай-ақ, сенатор Мамлют ауданындағы мәслихат сессиясының жұмысына қатысып, жергілікті аудан әкімінің өткен 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық қорытынды есебін тыңдады.

Өз кезегінде, Сенат депутаты Ольга Перепечина жиналғандарды Парламенттің төртінші сессиясы кезіндегі заң шығару жұмысымен таныстырып, қабылданған заңдар жайлы тоқталды.

Кездесу кезінде «Педагогтар мәртебесі туралы» ҚР Заң жобасы, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, дәрігерлердің жетіспеушілігі, қолданыстағы заңнамаларға әлеуметтік сала қызметкерлері – білім беру, денсаулық сақтау салаларында кішігірім қалалардағы еңбек етіп жүрген мамандар жалақысына 25 % қосу туралы өзгеріс енгізу, агроөндірістік кешенді дамыту сияқты бірқатар мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар аудандық, облыстық деңгейдегі жолдарды қайта қалпына келтіруге қаржы бөлу, ауылдық елді мекендерді сумен қамтамассыз ету мәселелері әлі де шешілмей келе жатқанын жеткізді. Ауданда жолдарды қайта салу үшін жобалық сметалық құжаттармалар шаруашылық жүргізіп отырған субъектілер есебінен жасалғанымен, жолдарды жөнге келтіру үшін қажетті қаражат жетіспей тұр.

Іс-сапар соңында сенатор Ольга Перепечина Мамлют ауданындағы Меңкесер ауылында болып, 600 бас асырайтын сүт-тауарлы фермасының құрылысымен танысты. Жоба құны – 2,3 млрд.теңге, құрылысы 2019 жылдың тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінде 711 бас симменталды тұқым жеткізілді.

Ваш отзыв и предложение по сайту