Медиа орталығы

Жаңалықтар

Нұрлан Бекназаров: «Қаладағы төрт ауданда құжат қабылдайтын қосымша орталықтар ашу керек»

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров аймақтарға жұмыс сапары аясында Шымкенттегі халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Сенатор орталықтағы кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмектің берілуі мен құжаттарды рәсімдеудегі қала тұрғындарына көрсетіліп жатқан қызметтің сапасына назар аударды. Сондай-ақ, әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж, аз қамтылған көпбалалы отбасылармен кездесіп, азаматтардың жәрдемақыға құжат тапсыру кезіндегі келеңсіз жәйттер бойынша мәселелердің оң шешілуіне ықпал етті.

Мұнда жыл басында 20 мыңнан астам құжат ресімдеу жоспарлаған болатын. Дегенмен, қазіргі таңда 67 мыңға жуық азаматтан әлеуметтік төлемге қатысты құжаттар келіп түскен және жәрдемақыға мұқтаж азаматтарды анықтау жұмыстары жалғасып отыр.

Кездесу барысында Н.Бекназаров: «Қаладағы төрт ауданда құжат қабылдайтын қосымша орталықтар ашу керек және аудан әкімдіктеріндегі арнайы анықтайтын комиссиялардың жедел түрде қызмет етуін қамтамасыз ету керек», - деп атап өтті. Сенатор сондай-ақ әрбір азаматты қабылдап, заңға сәйкес жауап беруді және мүмкіндігінше мәселесін тездетіп шешуді тапсырды.

Ваш отзыв и предложение по сайту