Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов: «Мұқыр тұрғындары мәдениет үйінен үмітін үзді»

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысына жұмыс барысындағы сапары аясында Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ауылдық округта қазір бес мыңға жуық тұрғын мекен етеді. Көптен бері шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы. Келісім шартқа сәйкес, құны 301 896 000 теңге тұратын нысан құрылысын салу 2017 жылы 25 тамызда басталған. Мердігер компания "Авто Строй Консалтинг" ЖШС. Құрылыс жұмысы 2018 жылдың тамыз айында, яғни бір жыл бұрын аяқталуы керек еді. Бірақ жауаптылар құрылыстың тіпті 50 пайыз жұмысын жасамағаны белгілі болды. Осымен бір жыл бұрын мәдениет үйіне кіреміз деген тұрғындар қуанышы көкке ұшқан.

Сот компанияға 3 млн. теңге айыппұл салып, оны жосықсыз қатысушы деп танып, жұмысты 2019 жылдың тамыз айында аяқтауға мүмкіндік берген. Бірақ әзірге еш қозғалыс жоқ. Тұрғындармен кездесу кезінде айтылған өкпе наз, үзілген үміт осы нысанға қатысты болды дейді сенатор.

«Арнайы барып қарадым, нысан қаңырап, бос, иесіз қалған. Атқарушы билік қолданыстағы тәртіпке сай материалды құқық қорғау органдарына жіберген. Тұрғындар үшін бұл көңіл көншітетін жауап емес екенін түсінемін. Бұндай жағдай мемлекет беделіне де нұсқан келтіріп, әр түрлі әңгімеге арқау болатыны түсінікті. Құқық қорғау органдары мән жайды толық тексеріп, заңға сәйкес қатаң шара қабылдаулары тиіс»,-деді Сәрсенбай Еңсегенов.

Ваш отзыв и предложение по сайту