Сенат -> Медиа-орталығы -> Жаңалықтар

Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенаторлар қазба жұмыстары жүріп жатқан Бурнооктябрьское көне қалашығына барды

Сенат депутаттары Мұратбай Жолдасбаев пен Әбдәлі Нұралиев жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының Жуалы ауданына барды. Депутаттар Көкбастау ауылдық округындағы Теріс ауылынан 800 метр әрі орналасқан Бурнооктябр­ьское көне қалашығында қазба жұмыстарымен айналысып отырған «АРК» ғылыми ұйымы мен Ә.Марғұлан атындағы институттың жұмысымен танысты.

«АРК» ғылыми ұйымының директоры сенаторларға өтіп жатқан экспедиция мақсатын баяндап берді. Депутаттар өз кезегінде, табылған заттарды әлемдік зертханаларда экспертиза жасау үшін көмек беруге тырысатынын жеткізді.

Одан өзге, депутаттар Көксай өзеніндегі су таратқышта орналасқан кіші ГЭС құрылысымен танысты. Бұл электр энергиясын 4,5 МВт қуатымен өндіретін екінші каскад ГЭС-2. Құрылысы осы жлыдың қыркүйек айында аяқталып, іске қосылатын болады. Қалған төрт ГЭС құрылысы 2020 жылдың тамыз айынан дейін салынып бетеді деген жоспар бар.

Ваш отзыв и предложение по сайту