Сенат -> Медиа-орталығы -> Жаңалықтар

Медиа орталығы

Жаңалықтар

Сенаторлар Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев өңірлерді аралау барысында Ордабасы ауданында болды. Депутаттар құрылыс нысандары, ауыл шаруашылық жұмыстарымен және әлеуметтік мәселелермен танысты.

Атап айтқанда, құрылысы жүріп жатқан "Темірлан" орта мектебіне барып, жұмыс барысын көрді. Басқосу барысында жайылымдық жердің жетіспеушілігі, субсидияның жылдан – жылға қолжетімсіз болуы, ветеренария саласының кенжелеуі сияқты мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, күш атасы Қажымұқан бабаның 150 жылдығына байланысты музейді көшіріп, оны туристтік кластерге енгізу мәселелері сөз болды.

Бірнеше нысандарды аралаған Сенат депутаттары өздерінің ортақ пікірлерін билікке жеткізіп, мәселелерді өз бақылауларында ұстайтындықтарын жеткізді.

Ваш отзыв и предложение по сайту