Медиа орталығы

Жаңалықтар

Бақытжан Жұмағұлов Халықты жұмыспен қамту орталығында болды

Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов жұмыс сапарымен Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Сенатор атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің жұмысымен танысып, Алматыда әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны туралы хабардар болды.

Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Шимашева Рахат Сейдахметқызы депутатты АӘК тағайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырды.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Мұхтарова Найла Алтайқызы орталықтың қызметімен таныстырды. Мектептерде кәсіптік бағдар берудің әлсіздігі, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тыңғылықты болмауы, оқу орталықтарының жетіспеушілігі және қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтушілер үшін стипендиялардың төмен мөлшері туралы мәселелер көтерілді. Микрокредиттеу бағдарламасы бойынша қайтарылмау тәуекелдерінің жоғары болуына, кепілмен қамтамасыз етудің жоқтығына назар аударды.

Сондай-ақ, мемлекет қолдауын қажет ететін азаматтарды анықтауға және қолдау көлемін анықтауға бағытталған отбасының әлеуметтік картасының нәтижелері талқыланды.

Ваш отзыв и предложение по сайту