Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылдың 24 маусымда Қаржы және бюджет комитетімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өткізілді.

Заң жобасы Сенат отырысында қаралды және бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасында үш блоктан тұратын түзетулер қамтылған.

Бірінші блок қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын бөлуге қатысты.

Екінші блок тұтынушыларға кредит беру тәуекелдерін шектеуді көздейді.

Үшінші блок жалпыға бірдей декларациялауды ендіру мерзімдерін өзгертумен, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылықтың енгізілуімен байланысты.

Заңнамалық өзгерістерді қабылдау реттеудің институционалдық жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, орын алған теңгерімсіздіктерді жояды және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Заң жобасы, тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына және басқа да заңнамалық актілерге қайшы келмейді.

Баяндаманы депутат Плотников Сергей Викторович жасады.

Талқылау нәтижесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын Сенат отырысының қарауына енгізіп оны қабылдауды ұсыну туралы шешім қабылданды.

 

(Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ваш отзыв и предложение по сайту