Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

 

2019 жылғы  26 маусымда Қаржы және бюджет комитеті келесі Заң жобаларын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

Аталған заң жобасын талқылауға ҚР Энергетика Вице-министрі Есімханов С.Қ., Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры  Қаракөзов Б.К., Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің бас сарапшысы Шадияров А.Ж. қатысты.

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-минисрі С.Қ.Есімханов өзінің баяндамасында Келісім жобасының  жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге және жастарды жаңа технологиялық құрылысқа дайындау үшін   әзірленгенін  айтты.

Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы бұл келісім қазірдің өзінде бар ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін және ғалымдардың, инженерлер және  студенттердің, техникалық мамандардың ұзақ мерзімді негізде CERN ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерінің туатынын атап өтті.

Талқылау барысында депутаттар,  қазіргі уақытта неше мемлекет CERN-ге мүше екені туралы,  мұнайлы, газды және  конденсатты  кен орны Қарашағанақ туралы, және жоба бойынша,  бірлескен эксперименттерге қатысуға Қазақстан тарапы  мамандарының қандай  мүмкіндіктері бар екені туралы,  Қазақстанның CERN ғылыми-зерттеу жобаларына  қатысу аясында  алға қойған  қандай  жоспалары бар екені туралы  және  т.б. сұрақтар көтерді.

Заң жобасын талқылау нәтижесінде комитеттің оң қорытындысын Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне жіберу туралы шешім қабылданды.

 

 

 (Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

 

Ваш отзыв и предложение по сайту