Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылдың 3 шілдеде Қаржы және бюджет комитеті «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өткізілді.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы  26 маусымдағы № 34 Жарлығын, Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ қабылданған міндеттемелердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.

Айтылған Заң жобасы бойынша Қаржы вице-министрі Савельева Татьяна Михайловна, Ұлттық экономика вице-министрі Тәкиев Мәди Төкешұлы, Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Смоляков Олег Александрович баяндама жасады.

Заң жобасын талқылау нәтижесінде Парламент Сенатының отырысына шығару туралы шешім қабылданды.

 

(Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

 

Ваш отзыв и предложение по сайту