Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

 

Қаржы және бюджет комитеті

 

2019 жылдың  3 шілде айында Қаржы және бюджет комитеті «2019 – 2021 жылдарға  арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау бойынша комитет отырысын өткізді.

 

 

Баяндамашылар   -

 

Ұлттық экономика вице-министрі

Такиев Мәди Төкешұлы

 

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары -

Смоляков Олег Александрович

 

Қаржы Вице-министрі  -

Савельева Татьяна Михайловна

 

 

Қосымша баяндамашы -         Перепечина Ольга Валентиновна

 

2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) жұмыспен қамтамасыз ету, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдау жөніндегі қолданыстағы шараларды өзектендіруді ескере отырып, мемлекет жүргізіп отырған халықтың әртүрлі топтарын әлеуметтік қолдау саясатын іске асыруды жалғастыруға бағытталған.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы                                          26 маусымдағы №34 Жарлығын, Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ қабылданған міндеттемелердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.

Заң жобасын талқылау нәтижесінде Комитет заң жобасын кеңейтілген отырысқа шығару туралы шешім қабылданды.
                                                                                         

 (Қаржы және бюджет комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі)

 

Ваш отзыв и предложение по сайту