Медиа орталығы

Сенат жұмысы туралы ақпарат

2019 ж. 28 маусым

сағ. 11.00

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат,

инновациялық  даму  және  кәсіпкерлік жөніндегі  комитетінің отырысында келесі заң жобасы талқыланды:

 

1.    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бектұрғанов Ерсұлтан Өтеғұлұлы

 

Қосымша баяндамашы-

Комитет мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы

 

Қабылданған шешім: Комитет, аталған Заң жобасың талқылап, бас комитетке өзінің қорытындысын жіберді.

 

2.    «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

 

Баяндамашы-

Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлы

 

Қосымша баяндамашы-

Комитет мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бортник Михаил Михайлович

 

Қабылданған шешім: Комитет, аталған Заң жобасың талқылап, бас комитетке өзінің қорытындысын жіберді.

 

Ваш отзыв и предложение по сайту