Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ФЕЙЗБУК ПАРАҚШАСЫНДА ҮНДЕУ

 

Асылым, ардақтым Халқым!

Ұлан-байтақ далада еркін қимылдап, кеуде кере тыныстап, желмен бірге құлындай жарысып өскен қазақ баласына төрт қабырғаға қамалу қиын тиюде. Әсіресе, мегаполистеріміздің ауылда туып, балалық шағын ауылда өткерген тұрғындары үшін үйде оқшаулану – бір азап.

Алайда жаһандық ен жайлаған алапат індеттің таралуына тосқауыл қою, ұлтты сақтау үшін бұл керек!

Көшеде көлік иелерінің рұқсат қағаздарын тексеріп, карантиндік шаралардың қалтқысыз орындалуына үлес қосып жүрген полицияның, әскерилердің және құқық қорғау қызметкерлерінің талабына түсіністікпен қараңызшы, өтінемін! Олар да қазақ баласы, біреудің сүйген жары, асыраушысы, балдырғандардың асқар таудай әкесі. Олар да ұлт үшін басын бәйгеге тігіп жүр.

Орайы келгенде айта кетейін, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы ретінде мен де қарап отырған жоқпын. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен тізе қоса қимылдап, «Біргеміз» қозғалысының еріктілеріне бас-көз болып, ел басшылығы назарындағы осы ізгі істің үйлесімді жүруіне атсалысып жатқан жайым бар.

Сіз де ұлтымыздың сақталуына өз үлесіңізді қоса аласыз: ол үшін аса қажеттіліксіз сыртқа шықпасаңыз, егер шықсаңыз енгізілген шектеу талаптарын мүлтіксіз сақтасаңыз жетеді!

Жаратқан Ие халқыма жар болсын! Індетті бірге жеңеміз!

Бақытбек Смағұл