Смағұл
Бақытбек

Член Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента Республики Казахстан
VIII созыва

Обращение к депутату
ФЕЙЗБУК ПАРАҚШАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАУ

Әз-Наурыз – мыңжылдықтар бұрын қасиетті қазақ жерінде өмір сүрген айбынды да абыройлы бабаларымыз бен қазіргі ұлағатты ұрпақ арасын байланыстырып тұрған ең көне, ең асыл құндылықтарымыздың бірі.

Бостан күндер бастан ауып, бодан күйге түскен кер заманда осы құндылығымыздан айырылып қала жаздадық. Бірақ қазақ еркіндік пен елдіктен еш уақытта үмітін үзбеді. Ұлыстың ұлы күнін ұлы мұра ретінде жүрегінің түкпірінде, тарихи жадында сақтады.

Ақыры тоталитаризмнің сірескен тоңын жарып шыққан бәйшешектей, Наурыз мейрамы жұртшылық арасында тойлана бастады. Ізінше Елбасы Жарлығымен Наурыз «мемлекеттік мереке» ретінде бекітілді. Елімізге бақ қонды, дастарханға ақ толды. Ұлтымыз ұлық тұтқан барлық құндылықтар оралды.  

Бауырды қауыштырған, аразды табыстырған Әз-Наурыз – қашанда бірлік пен бауырмалдық мерекесі болған. Ол бірлігімізді қараңқалғыр вирус та бұза алмас. Дәрігерлердің кеңесіне құлақ қойып, бауырларымызға қамқорлық көрсету – әр азаматтың, сіз бен біздің ортақ парызымыз.

Ұлысымыз үшін Наурыз мейрамы жасампаздық пен жаңарудың мерекесі болған.

Тышқан жылына Қазақ елі жаңарып кірері сөзсіз.

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыздан Наурызға басымыз аман, бауырымыз бүтін жетуге жазсын!

Абыз аталарымыздың ақ батасы, абзал аналарымыздың ақ тілегі қабыл болсын! Ақ мол болсын, жоқшылық жоқ болсын!

Бұл індеттен бірде бір қазақстандық шығын болмай, еліміз тез еңсесін тіктеп, келер күндерге сеніммен аяқ бассын деп тілеймін!

Бақытбек Смағұл