Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.07.2019

Мәжілісмендер Алматы облысындағы сүт-тауарлы фермаларының жұмысымен танысты


Нұр-Сұлтан, 17 шілде, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Серік Құсайынов, Сапар Ахметов,  Сергей Звольский және Мұрат Теміржанов «Қазақстан Республикасы Президетінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы»  Алматы облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулылары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасындағы негізгі 10 бағытты талқылап, сүт-тауарлы фермаларды аралап, кәсіпорын қуаттылығымен танысты.

Іс-шарада Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов барша қазақстандықтарды лайықты өмір сүру мен ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін бірігуге және жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуге шақырды.

Одан әрі депутаттар Көксу ауданы, Балпық би кентіндегі «Кәрімов» жеке кәсіпкерлігінің меншігіндегі сүт-тауарлы фермасына барды.

Ферма директоры Рахым Кәрімов сүт өнімдерімен таныстырып, зауыттың өндірістік қуаттылығы жайында баяндап:

Біздің сүт-тауарлы фермамыз 2017 жылы құрылғанына қарамастан, бүгінде  кәсіпорынымыз бір тәулікте 2000 тонна сүт өнімі өндіреді. 164 ірі қара мал басы бар. Ферма қоражайларының сыйымдылығы 400.  Зауытта бүгін 65 адам еңбек етеді» - деді.                                                                                                               Өз кезегінде, депутат Серік Құсайынов Жетісу өңірінің ауылшаруашылығы саласында болашағы зор екенін айта келіп, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген меженің бірі кәсіпкерлікті қолдау және кооперативтер құру мәселесін қарастыру қажеттіне тоқталды.

 

(«Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ақпараты бойынша.

Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.