Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.09.2020

Мәжіліс Президент Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге кірісті


Нұр-Сұлтан, 2 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның VI сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселеге кіріспес бұрын Мәжіліс Төрағасы депутаттық корпустың назарын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басымдықтарын алға тартты:  

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің  Жолдауында  уақыт талабына сай даму бойынша негізгі бағыттарды және батыл қадамдарды көрсетіп берді. Ол – еліміздегі барлық салаларға арналып отыр. Сондықтан, осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету -                                    депутаттық корпустың негізгі міндеті болып табылады, - деді.

Мәжіліс Төрағасы ең алдымен, жыл соңына дейін мемлекеттік қызмет жүйесін қайта жаңғырту үшін мемлекеттік қызмет туралы заңға түзету енгізу қажеттігі туралы айтты. 

Сонымен қатар, Президенттің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдаланып, Ұлттық экономикалық стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту керектігіне тоқталған Нұрлан Нығматулин бұл жерде «Өнеркәсіп саясаты туралы» заңның маңыздылығына ерекше назар аударды.

Экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заң жобасы аясында Мәжіліс Төрағасы депутаттардың назарын Мемлекет Басшысының жаңа құрал-стратегиялық инвестициялық келісімді  енгізу бастамасын заңнамалық қолдаудың өзектілігін айтты.

-                Жыл соңына дейін Үкіметке квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алуларын қамтитын бірыңғай заң әзірлеу тапсырылды. Бұл тақырыпты депутаттар бірнеше рет көтерген болатын. Сондай-ақ, Президент біздің алдымызға Үкіметпен және «Атамекен» ұлттық палатасымен бірге Салық кодексі мен заңға тәуелді актілерді қайта қарау туралы міндет қойды,- деді Нұрлан Нығматулин.

Қолданыстағы заңнамалық актілердің қатарында Экологиялық кодекс жобасы бар. Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы ұлттық саябақтар мен Қазақстанның басқа да табиға байлықтарын заңнамалық қорғау қажетті туралы айтып, осы салада құқық бұзған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жазаны қатаңдату керектігіне көңіл бөлді.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, депутаттарға құқық қорғау және сот жүйесін реформалау, бизнесті құқық қорғау органдарының шамадан тыс араласуынан қорғау, сондай-ақ азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнамалық негіз қажет. Сонымен қатар, Мәжілісте қаралып жатқан «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң жобасы осы жылдың соңына дейін қабылдануы керек. Президенттің қоғамдық бақылау туралы, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау туралы тапсырмасы да өзекті.

-                     Біздің алдымызда көптеген ауқымды жұмыстар тұр. Басты бағыт –Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыруды заңнамалық қолдау, - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Палата бірқатар маңызды құжаттарды жұмысқа алды.  

Атап айтқанда, «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 –                            2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық заң жобалары.

Палата отырысында депутаттар  «Техникалық реттеу туралы» және оған ілеспе заң жобаларын жұмысқа алды.

Жаңа құжаттардың қатарында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заң жобасы бар.

Осы күні депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын да жұмысқа алмақ. Атап айтсақ, олар: ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екі ел астаналарында елшіліктердің жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісім, Қазақстан мен Солтүстік Македония,  Болгария, Корея елдері арасындағы сотталған адамдарды беру шарттары туралы заң жобалар. Сондай-ақ, жұмысқа қабылданғандар ішінде ТМД қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенция, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру, ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімдер. 

Жалпы отырыста депутаттар бірқатар заң жобаларын ратификациялады. Олар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы. Осының қатарында Қазақстан БАӘ арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары мемлекеттік органдар басшыларына депутаттық сауалдар жолдады. Олар:  Б.Смағұл, А.Жамалов, К.Мұсырман, М.Магеррамов, Т.Сыздықов, А.Қоңыров, Н.Әлтаев, М.Теміржанов.

 

***

 

Бүгін Мәжіліс жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А. Құрманованың, Н. Дулатбековтың,  Н. Әбдіровтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады. Сондай-ақ, Палата депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы етіп депутат Қанат Мусинді сайлады.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.