Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.01.2021

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Мәжіліс Төрағасы қызметіне ұсынды


Нұр-Сұлтан, 14 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті. Онда Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев фракцияға Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Мәжіліс Төрағасы қызметіне қолдауды ұсынды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Мәжіліс депутаттары - фракция мүшелері Мәжіліс Төрағасы және оның орынбасарлары мен тұрақты комитеттер төрағалары лауазымдарына кандидаттарды ұсыну және бекіту рәсіміне қатысатынын атап өтті.

Отырыс барысында Мәжіліс Төрағасы лауазымына Н.Нығматулиннің кандидатурасын ұсыну бойынша фракцияның ортақ ұстанымы әзірленді.

Сонымен қатар, фракция отырысында Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары қызметіне П.Казанцевтің және Б. Кесебаеваның кандидатуралары ұсынылды. Ал Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасына Д. Нұрманбетованың, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Қ. Мусиннің, Қаржы және бюджет комитетіне М. Құсайыновтың, сондай-ақ, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне А.Құспанның, Экономикалық реформа  және өңірлік даму комитетіне А.Раудың кандидатуралары қаралды.  

Сондай-ақ, Елбасы болашақ Премьер-Министрдің кандидатурасына қатысты пікір білдірді.

 

 (www.elbasy.kz сайтының ақпараты бойынша)

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.