Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Құқықтық тәртіп

2025 жылғы 4 қыркүйек

Депутат Н.Дементьева Jibek Jolyтелеарнасындағы«Бүгін. Live» бағдарламасының подкастында «Заң мен тәртіп» атты цифрлық сервис мәселелері туралы ой бөлісті

Кездесуде «Заң мен тәртіп» атты сервисті қосу мақсаты, ерекшелігі, нақты мәні, тез арада полиция қызметкеріне хабарласудың заманауи құралы ретінде дұрыс түсіну, қабылдау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыс жүргізу қажеттігі жайында сөз болды.

Ағымдағы жылы Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» цифрлық сервисін іске қосқаны белгілі. Енді азаматтар құқық бұзушылық туралы полицияға Egov Mobile қосымшасы арқылы тікелей хабарлай алады. Бұл жоба Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» бастамасын іске асыру аясында ведомствоның жұмысын цифрландыру процесінің бір бөлігі болды. Мақсаты – жедел әрекет етуді арттыру және көмекті қолжетімді ету, полиция мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету және жеделдету болып табылады.