The website color
Distance between letter distance
Images
23.02.2021

Мәжіліс депутаттары халықаралық қор өкілімен кездесті


Нұр-Сұлтан, 23 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілі Йоханнес Рай мырзамен кездесті.

Кездесу барысында А.Құспан Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастар саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың берік іргетасына негізделгенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың Германияға сапары және Германия Федеративтік Республикасы басшылығымен келіссөздері қалыптасқан сенімді диалогты жалғастыруға, таяу жылдардағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын анықтауға мүмкіндік бергенін алға тартты.  

Депутаттар Қазақстанда Еуропалық Одақтағы біздің негізгі әріптесіміз - Германиямен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән берілгеніне, Германия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған және бізбен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы елдердің бірі екеніне тоқталды.  

Іс-шарада көппартиялылық жүйеде депутаттардың заң шығару саласында тәжірибе алмасуын жолға қою, фракциялардың қызметін зерделеу, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы айтылды.   

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген С.Майлыбаев)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan