The website color
Distance between letter distance
Images
01.05.2021

Н.Нығматулин: Бірлік күні - еліміздің татулығы мен тұтастығының белгісі


Нұр-Сұлтан, 1 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды халықтар достығының, бірліктің және бейбітшіліктің символына айналған 1 мамыр мерекесімен құттықтады.

- Барша қазақстандықтарды еліміздің татулығы мен тұтастығын бейнелейтін «Бірлік күні» мерекесімен құттықтаймын. Көпұлтты халықтың ырысы мен ынтымақтастығы және бейбіт өмірі - біздің басты байлығымыз. Сондықтан, осындай айтулы мейрам ұлттар арасындағы достықты одан әрі тереңдете түседі, - деді Нұрлан Нығматулин.

Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрқашан халықтың береке-бірлігіне, қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тыныштығына баса назар аударып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың негізін қалағанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытты одан әрі жалғастырып келе жатқанын айтып, барлық қазақстандықтарға, әрбір отбасына бақ-береке, молшылық, елімізге тыныштық тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan