The website color
Distance between letter distance
Images
11.06.2021

Мәжілістің Халықаралық күн тәртібі


Нұр-Сұлтан, 11 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен Қазақстандағы миссиясының аяқталуына байланысты кездесті.

Депутат дипломатқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Петер Бурианның Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Өз кезегінде Еуропалық Одақтың арнайы өкілі халықаралық ұйымның елімізбен берік және сенімді байланыстың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жайында әңгімелесу барысында тараптар парламенттік құрамдас бөліктің маңызды рөлін атап өтті.

Кездесуге Мәжіліс депутаттары Елдос Абақанов, Юлия Кучинская және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Свен-Олов Карлссон қатысты.

Сонымен қатар, бүгін Айгүл Құспан Камбоджа Корольдігінің Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Меас Ким Хенгпен кездесті.

Мәртебелі мейманмен әңгіме барысында Қазақстан-Камбоджа ынтымақтастығын дамыту келешегі туралы талқыланып, екі елдің парламентшілері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ,  Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова бейнеконференция байланысы форматында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылым және білім жөніндегі Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы сарапшылық кеңестің отырысына қатысты.

Отырыс барысында сөз сөйлеген Жәмила Нұрманбетова проблемалар және оларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратпен алмасу үшін қатысушы елдердің заң жобалау бастамаларына қатысты мәселелерді кеңестің алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Мәжілісменнің пікірінше, мұндай жұмыстың форматы ТМД ПАА ұсынымдары мен модельдік заңдарын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін негіз болады.

Мәжілісте Палата әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Айдос Сарым Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Елшілігінің өкілі Рио Ашрафимен кездесті.

Депутат мейманды Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер, депутаттардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы және Парламент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі туралы қысқаша хабардар етті.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan