Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
28.06.2022

Мәжілісмендер Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті


Нұр-Сұлтан, 28 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліске вице-президент Индермит Гилл бастаған Дүниежүзілік банк делегациясы келді.

Меймандарды Мәжілістің вице-спикері Павел Казанцев, депутаттар Дания Еспаева, Марат Құсайынов, Сәлімжан Нақпаев, Жамиля Нұрманбетова, Берік Оспанов және Екатерина Смышляева қабылдады.

Кездесуде тараптар Қазақстанның жаһандық қаржы институтымен бірге 30 жыл ішінде атқарған ауқымды жұмыстары туралы айтты.

Мәжіліс Вице-спикері Павел Казанцев елімізде Дүниежүзілік Банктің белсене қатысуымен және жәрдемдесуімен серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған жобалардың табысты іске асырылып жатқанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда Қазақстан Дүниежүзілік банк есебінен жалпы сомасы 4,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бес жобаны жүзеге асыруда. Ол ирригациялық және дренаждық қызметтердің сапасын арттырып, орта білім беру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жолдарды қайта жаңғырту мен салуға бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобалар да маңызды рөл атқарады, – деді Павел Казанцев.

Өз кезегінде, Индермит Гилл Дүниежүзілік банк пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық барысына көңілі толатынын айтып, әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, соның ішінде еліміздің 2050 жылға қарай әлемнің экономикасы дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша ауқымды жоспарларды іске асыруға дайын екенін атап өтті.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген Ж. Жұмабеков


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan