The website color
Distance between letter distance
Images
09.09.2022

Мәжіліс депутаттары ЕАЭО келісімдерін қарайды


Нұр-Сұлтан, 9 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарады. Олар: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен оған мүше мемлекеттер және Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттама, ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісім. Сондай-ақ «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бар.

Сонымен қатар Бюро отырысында депутаттар жетінші сайланған Парламент Мәжілісі өкілеттіктерін іске асырудың үшінші сессияға арналған негізгі  іс-шаралар жоспары туралы мәселені қарады.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-96-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan