The website color
Distance between letter distance
Images
03.10.2022

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады


Президентке Парламент Мәжілісінің қазіргі заң шығару қызметі туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Конституциялық сот туралы», «Прокуратура туралы» заң жобаларын, сондай-ақ бірқатар конституциялық және басқа да заңдарға енгізілетін өзгерістерді қарастырып, Сенатқа жолдады. Аталған құжаттарды талқылауға сарапшылар тобы қатысты және қоғам мен БАҚ үшін жария түрде өтті.

Палата мақұлдаған заң жобалары биылғы 5 маусымда өткен референдумда халық дауыс берген конституциялық реформалардың негізгі ережелерін жүзеге асыруға бағытталған. Енгізілетін заң нормалары азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтуге және тұрғындардың еліміздің саяси өміріне араласу мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізеді.

Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламенттік дипломатия және шет мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы іс-әрекеттер аясындағы жұмыстардың негізгі басымдықтары туралы айтты.

Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясының қатысқаны жөнінде баяндады. Түркі қоғамдастығы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады.

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan