Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі
1961 жылы Целиноград облысы, Балкашин ауданының Веселовский селосында дүниеге келді. 1978 жылы Веселовское орта мектебін бітірген соң ауылда тракторист болып жұмыс атқарған.
1979-1981 жылдары Германияда Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын атқарды.
1981-1986 жылдары инженер – механик мамандығы бойынша Целиноград инженерлі-құрылыс институтында білім алған.
1986 жылы Целиноград облысы, Балкашин ауданының Веселовский астық совхозында машина-трактор паркін пайдалану бойынша инженер қызметіне қабылданды.
1991 жылы Целиноград облысы, Балкашин ауданының Каменский астық совхозына бас инженері қызметіне ауыстырылды.
1993-1996 жылдары Целиноград облысы, Балкашин ауданының Культура астық совхозының директоры.
1996-1998 жылдары Ақмола облысы, Сандықтау ауданының «Мәдениет» өндіріс кооперативінің төрағасы.
1998-1998 жылдары Сандықтау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
1998-2002 жылдары Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі.
2002-2004 жылдары Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
2004-2012 жылдары Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі.
2005 жылы Мәскеу құқық институтын бітірді.
2012-2013 жылдары Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі.
2013-2017 жылдары Ақмола облысы Жарқайын ауданының әкімі.
2017-2019 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылдан 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімі.
«Құрмет» (2017ж.), «Парасат» (2014ж.) ордендерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Целинаға 50 жыл», «Кеңес армиясының Афганистаннан шығарылуына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
2011 жылы "Ақкөл" ҰК-ның құрылуына қосқан жеке үлесі мен сіңірген еңбегі үшін белгіге ие болды.
2011 жылы "Белсенді қызметі үшін" "Нұр Отан"ХДП төс белгісімен марапатталды.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Құтқару операциясына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісін алды.
2014 жылы "Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов" медалімен марапатталды.
2015 жылы ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының "І дәрежелі Еңбек ерлігі" төсбелгісін иеленді.
2015 жылы "авиация Генерал-майоры Талғат Бигелдинов", "Қазақстан патриоты" медальдарымен марапатталған.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Экология саласына 30 жыл" медалімен марапатталды.
2019 жылы "Республикалық ғарыштық байланыс орталығына 15 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
2019 жылы "Шешен Республикасында парламентаризмді дамытқаны үшін"орденімен марапатталды.
«Ақмола облысының Жарқайын ауданының құрметті азаматы», «Ақмола облысының Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атақтарының иегері.
2021 жылғы 15 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі.
Үйленген, төрт баласы бар.