Әбсеметова
Әлия
Маратқызы

VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

21.05.1984 жылы туылған, қазақ, тұрмыс құрған, 9 баланы тәрбиелеп отыр.

Медиа-волонтер, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақстандағы ауылдық әйелдер арасындағы ТДМ-2030 көшбасшысы.

Білімі:

2005 жылы Тұран-Астана университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік білім бакалавры

2021 жылы Өтемісов атындағы БҚМУ «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының магистрі

Еңбек қызметі:

Еңбек жолын 2000 жылы аудиторлық компанияда референт ретінде бастады.

Бірнеше жылдар аралығында түстерді бөлу операторы, дизайнер-беттеуші, дизайн бөлімінің бастығы, жарнама агенті, модератор, шығарушы-редактор, бас редактор, жеке меншік жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылы ол Uzyn.kz интернет-басылымын тіркеді, онда 2021 жылдың қаңтарына дейін бас редактор болды.

2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап VІІ шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Әлеуметтік -мәдени даму комитетінің мүшесі.

Марапаттары:

2019 — «Шапағат» медалі

2019 – «Деде Горгуд» халықаралық қоры мен «Azərbaycan dünyası» журналы құрған «Mehriban Ana» Ордені.