Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар!

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында біз, Демо­кратиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпы­ұлт­тық коалициясының мүшелері, еліміз­дің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері:

Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­ді­гі­нің 25 жылдығы декларация­сының жо­ғары да жасампаз рухын қолдай отырып:

әлем елдері танып, мойындаған Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрудағы Тұңғыш Президентіміздің аса жоғары рөлін тани отырып;

Елбасының елімізде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуды жүргізудегі мемлекеттік стратегиялық бағытын қолдай отырып;

мықты және бәсекеге қабілетті Қазақ­станды қалыптастыруға бағыт­талған Қазақ­стан-2050» Стратегиясы мен «Бес институционалдық рефор­маны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын (бұдан әрі – Ұлт жоспары) іске асыруға барша азаматтарды, барша қоғамдық күштерді қатысуға шақыра отырып;

Келешек алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан халқына үндеу жолдаймыз.

Біз үшін Тәуелсіздік ұғымы – бұл тарих ағымында Қазақстанның тағ­ды­рын, әрбір қазақстандықтың тағдырын анық­таған аса жоғары құндылық.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген көшбасшылығының арқасында мықты, табысты, әлемдік беделге иемемлекет құрдық.

Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жолын әлемдік қауым­дастық – табыстың, бейбітшіліктің және жасампаздықтың «қазақстандық жолы» деп атап кетті.

«Қазақстан Республикасының мем­лекет­тік тәуелсіздігі туралы» консти­ту­ция­лық заң біздің жаңа мемлекетіміздің мықты тұғырына айналды.

Бүкілхалықтық негізде қабылдаған Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясында еліміздің тұрақты және қарқынды дамуы үшін барлық құқықтық жағдайлар жасалған.

Оның негізінде билік бірлігін танытатын қос палаталы Парламент, кәсіби Үкімет және тәуелсіз сот жүйесі жатыр.

Ұзақ мерзімді «2030» Стратегиясының ар­қа­сында еліміз әлемнің бәсекеге қабі­летті 50 елінің қатарынан сенімді орын алды.

Әлемнің 30 үздік елінің қатарына ену мақсатын алға тартқан тарихи «2050» Стратегиясын жүзеге асыру ел дамуының жаңа шыңдарына жеткізді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары осы Стратегияны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Президентінің жаһандық бітімгерлік шешімдері мен бастамалары Қазақстанды ядроға қарама-қарсы қозғалыс пен қазіргі заманғы әлемдік саясат көшбасшыларының қатарына қосты.

ЕҚЫҰ мен ИЫҰ табысты төрағалық ету, ЕАЭО, ШЫҰ, АӨСШК Қазақстанның жалпыәлемдік және аймақтық проблемаларды шешудегі маңызды үлесі болып табылады.

Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы Қазақстанның аса жоғары беделінің жарқын куәсі.

Елбасының саяси еркі мен күш-жігерінің арқасында салынған Астана Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығы ғана емес, әлемнің барлық елдерінен жоғары технологиялар мен үздік инновацияларды тартатын күшке айналды.

Бүгінгі таңда Астана конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбаттың орталы­ғына, халықаралық маңызы бар форумдар өткізіле­тін орталыққа айналды. Қазақ­стан жаңа елордасының иннова­ция­лық рухын – «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО-2017 халық­ара­­лық көрмесінің өткізілуі растап отыр.

Тәуелсіздіктің барлық тамаша жетістіктері – Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің көреген көшбас­шылы­ғының және жалпыхалықтық бірліктің, шексіз жасампаз еңбек пен барлық қазақ­стан­дықтардың ұмтылысының нәтижесі.

Біздің Елбасымыз біреу, еліміз бір, халқымыз бір, тағдырымыз бір! Біз үшін ортақ тағдыр – Мәңгілік Ел – біздің Тәуелсіз Қазақстанымыз!

Біз «Тәуелсіз Қазақстан» монументін көтеру бастамасын қол­дай­мыз, Тұңғыш Президентіміздің ерен үлесін ел Консти­туциясын­да, Елба­сы­­ның есімін елорданың атауында атап өту бастама­ларын қолдаймыз.

Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері барлық және әр қазақстандықты қасиетті Тәуелсіздігімізді сақтауға және келешек ұрпақтың атынан осы бастаманы қолдауға шақырамыз.

Ақпарат https://egemen.kz сайтынан