Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Ж.Ә.Ахметбековтің Ақтөбе облысына сапары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Әужанұлы Ахметбеков 2022 жылғы 18 ақпанда жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Жамбыл Әужанұлы Ақтөбе облысына сапары аясында Еуропалық Экономика және бизнес Жоғары колледжіне барды.

Депутат экономика, бизнес, құқық және IT саласындағы жеке жетекші білім беруші мекеме колледждің жұмысымен жеке танысуға шешім қабылдады.

Сапар барысында білім беру мекемесінің студенттерімен және қызметкерлерімен кездесу өтті. Оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты: аудиториялық қор мен әкімшілік кабинеттерді қарап шықты. Депутат аудиториялардың заманауи жабдықталуын жоғары бағалады: интерактивті аудио-визуалды жабдықтар, мультимедиа, олар қашықтықтан оқыту процесін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Жамбыл Әужанұлы ПМС подкастының түсіріліміне қатысты (студенттердің ойлау алаңы), онда экономика, саясат, Индустрия және басқа да салалар бойынша сұрақтар қойылды (жақын арада бағдарламаны ютюб каналынан көре аласыздар) және жауаптарын алды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты колледж әкімшілігіне өңірге қажетті мамандықтар бойынша студенттерді даярлағаны үшін ерекше алғысын білдірді.

Сапар қорытындысы бойынша Жамбыл Әужанұлы колледжге одан әрі өсу мен өркендеу, инновациялық педагогикалық тәжірибенің басқа өңірлерге таралуын тіледі және ең жоғары деңгейде қолдау көрсететініне уәде берді!