Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Ж.Ә.Ахметбековтің Нұр-Сұлтан қаласына сапары

Қазақстан Халық партия фракциясының мүшесі -  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Әужанұлы Ахметбеков  Республика, 50 мекен-жайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ұжымымен Республикалық референдумға байланысты кездесу өткізді. Кездесуге 30 медицина қызметкері қатысты.

- Жалпы бұл референдум шын мәнінде әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты. Ықпалды Парламент - халықпен жақындасудан басталады. Біз халықтың айтып отырған мәселелерін ортаға шығаруымыз қажет. Бүгін халықпен етене сөйлесіп,  5 маусымда өтетін референдум мәселесін пікірлесуге келдік,- деді Ж.Ә.Ахметбеков

Кездесу барысында жалпыхалықтық референдумға енгізілетін бірқатар өзгерістерді талқылады:

- Конституцияның 6-бабындағы «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деген тұсы енді «мемлекет меншігінде» емес, «халыққа тиесілі, халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деген өзгертулер енгізіледі.

- Елбасы және Тұңғыш Президент мәртебесі жаңа редакцияда толық алынып тасталынады.

- Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін бұрынғыша мәслихат депуттаттарының келісімімен Президент тағайындайды. Өзгеретін тұсы Президент дауыс беруге кемінде екі кандидатура ұсынады. Мәслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат тағайындалады.

- Бұл шын мәнінде жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы басты саяси оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы шешімі елдің саяси өмірінде ғана емес, қоғамдық өмірінде де маңызды болып табылады. Референдум біздің азаматтық ұстанымымызды нығайтуға мүмкіндік береді және елдегі қоғамдық-саяси жағдайға жағымды әсер етеді. Медицина қызметкерлерін алдағы саяси өзгерістер мәселесінде шетте қалмауға және өз дауысын беруге шақырамын, - деп, Жамбыл Әужанұлы кездесуді қорытындылады.