Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Ж.Ә.Ахметбековтің Ақмола облысына және Нұр-Сұлтан қаласына сапары

Қазақстан Халық партия фракциясының мүшесі -  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы «Целиноград ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұжымымен  Республикалық референдумға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді.Кездесуге 20 адам қатысты.

Кездесу барысында Ж.Ә.Ахметбеков алдағы жалпыхалықтық референдум - билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас тепе-теңдігін оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын ұлғайтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтетінін атап өтті. Бұл – мемлекеттік модельдің жүйелі ­трансформациясы. Сондықтан аталған референдум ескі модельден түпкілікті бас тарту және саяси жүйені қайта жаңғырту үшін қажет екенін алдыға тартты.

- Енгізіліп отырған өзгерістерге бірі, жер – елдің, мемлекеттің тағдыры. Жерсіз мемлекет болмақ емес. Бұрынғы Конституция бойынша жер – мемлекеттің меншігі делінсе, ендігі өзгеріс бойынша ол халықтың меншігі. Бұл заңды әрі әділетті шешім. Өйткені мемлекет қанша дегенмен әкімшілік ресурс. Билік институттары жерді оңды-солды өзгеріске сала берсе, халықтың тағдырына әсер етеді. Жер қай-қашанда халықпен кіндіктес. Демек, бұл орынды бастама, - деді Ахметбеков Ж.А.

«Целиноград ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұжымы тарапынан референдумның бірегей өзгерістерінің бірі  супер-президенттіктен бас тартып, Парламенттің ықпалын арттырудың артықшылықтары қандай? - деген сұрақ қойылды.

- Супер-президенттіктен бас тартып, Парламенттің ықпалын арттыру да ел күткен өзгерістердің бірі. Артықшылықтарының бірі - Президенттің ешқандай саяси партияға мүше болмауы да саяси өміріміздегі үлкен оқиға деуге болады. Сол секілді Президенттің отбасы мүшелерінің, жақын тумаларының лауазымды қызметке тағайындалмауы тиіс деген де елдің көңілінен, ойынан шығып отырған жаңалық. Менің ойымша, мысалға облыс әкімі болса, сол облыстың аумағында жақын тумалары лауазымды қызмет атқармағаны абзал деп ойлаймын, - деп ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы жергілікті билікке қатыс­ты Президенттің өкілеттігі азаятынын, және осы референдум мәслихаттардың рөлін айтарлықтай арттыру арқылы өңірлік деңгейдегі әкімдер­дің қолына жинақталатынына ерекше тоқталып өтіп, сұраққа жауап берді.

Кездесу соңында Жамбыл Әужанұлы 5 - маусым күні мекеме ұжымын референдумда дауыс беруге шақырды.