Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Ж.Ә.Ахметбековтің Ақмола облысына және Нұр-Сұлтан қаласына сапары

Қазақстан Халық партия фракциясының мүшесі -  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жамбыл Әужанұлы Ахметбеков  Қоянды саяжай  тұрғындарымен Республикалық референдумға байланысты кездесу өткізді. Кездесуге 50 жергілікті тұрғын қатысты.

Кездесу барысында Жамбыл Әужанұлы: - Келудегі негізгі мақсатымыз - Конституциялық түзетулер жобасын жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру. Сондай-ақ сіздердің  ұсыныс-пікірлерінізді тыңдап, талқылау. Өйткені референдумды жариялау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі болды, - деді.

Кездесу барысында жалпыхалықтық референдумға енгізілетін бірқатар өзгерістерді талқылап, ел тұрғындары Конституцияның 6-бабындағы өзгертулерге қызығушылық танытты.

Конституцияның 6-бабындағы «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деген тұсы енді «мемлекет меншігінде» емес, «халыққа тиесілі, халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деген өзгертулер енгізілетінін Жамбыл Әужанұлы атап өтті.

 Халықпен кездесу барысында көтерілген бірнеше мәселелерді ерекше атап өтуге болады. Соның ішінде Қоянды ауылындағы транспорттық мәселелер (автобустық аялдамалардың алысты орналасуы), су мәселесі, ауылдағы инфаструктура мәселелері көтерілді.Тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына  Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі - Жаулыбаев Ерлан Әлімбайұлы жауап беріп, алдағы уақытта мәселелердің шешімін табатынын айтты.

Кездесу соңында Жамбыл Әужанұлы: -Ұлтымыз тағдыршешті сәтте тұрған шақта баршаңызды ел Президентінің жанына топтасып,  Жаңа Қазақстан, Екінші Республика құру идеясын қолдауға шақырамын. Бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысып, өз ұстанымдарыңызды білдіру – азаматтық парыз! Оның жарқын болашағы үшін жұдырықтай жұмылып еңбек ету – әрбіріміздің перзенттік борышымыз!, - деді.