Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Ж.Ә.Ахметбековтің Нұр-Сұлтан қаласына сапары

Қазақстан Халық партия фракциясының мүшесі -  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары мен студенттерімен Республикалық референдумға байланысты үгіт-насихат жұмысы мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге 50 адам қатысты.

Жамбыл Әужанұлы алдағы өтетін референдумның ел тарихы үшін маңыз­дылығын атап, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум демократиялық жолдың айқын көрінісі деген пікірін білдірді.

Референдум қоғамның демократиялық процестерге араласуына, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістерге жол ашуға үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Өз кезегінде Жамбыл Әужанұлы Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталғанын айтты. Мұндай референдум тарихи сәт екенін, тәуелсіз Қазақстан тарихында орын алып отырған ерекше саяси маңызды өзгерістердің негізі екенін жеткізіп, келесідей конституциялық өзгерістерге ерекше тоқталып өтті:

Кездесу соңында Ж.Ә.Ахметбеков өзгерістер мен жаңғыруларға жол ашатын референдумда, әсіресе, жастардың жауапкершілік сезінуі маңызды деп есептейді. Болашақ - жастардың қолында, бүгінгі әрбір атқарар ісіміз жарқын болашақтың іргесін қалауға негіз болуы керек дей келе, Жамбыл Әужанұлы студенттерду жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырды.