Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Ж.Ә.Ахметбековтің Нұр-Сұлтан қаласына сапары

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан Халық партиясынан депутаты Ж.Ә.Ахметбеков Пушкин көшесі, 45 мекен-жайында орналасқан "Астана-Зеленстрой" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Іс-шараға барлығы 20 адам қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және халықты Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумға қатысуға шақыру, оны өткізу ағымдағы жылдың 5 маусымына жоспарланып отырғаны белгілі.

Алдағы конституциялық реформа-саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асырудағы маңызды қадам екенін атап өткен жөн.

Кездесу барысында депутат Конституцияға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар өзара байланысты және бірыңғай мақсатқа – құқықтық базаны құруға бағынатындығын түйіндеді:

1. супер-президенттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу;

2. бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу;

3. Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру;

4. халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту;

5. азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.

Кездесу барысында тыңдаушылар әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендетуге, сондай-ақ мәртебесін арттыру және халық арасында мемлекеттік тілді танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты сұрақтар қойды.

Сөз соңында Ж.Ә.Ахметбеков конституциялық реформа азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтеді және саяси процестерді нақты демократияландыруды қамтамасыз етеді деп толық сеніммен айтуға болатынын атап өтті.