Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Депутат Ж.Ә.Ахметбековтің Нұр-Сұлтан қаласына сапары

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ж.Ахметбеков Нұр-Сұлтан қаласындағы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ұжымымен және «Жастар» театрының труппасымен кездесті.

Депутат Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіріп, саяси реформаның мемлекет пен халықтың болашағына оң әсерін баяндады.

– Өзгерістердің барлығы халық билігін орнату, саяси бәсекелестікті арттыру, азаматтық қоғамның белсенділігін күшейту, депутаттардың жұмысын бақылау сынды игі істі ілгерілетуді көздейді. Осының барлығы жаңа Қазақстан, әділетті Қазақстан құруға негіз болады, – деді депутат.