Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Астанада «Балаға мейірімді Қазақстан» атты халықаралық конференция өтті

Конференция жұмысына депутат Ж.Ә.Ахметбеков және басқа да Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік және жергілікті органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияның №9 БАЛА ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ атты диалог алаңының жұмысына ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А.Ғ.Төлеуғалиева балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша, жоғары технологиялық медициналық  қызмет көрсетуді дамыту жөнінде, сауықтыру бойынша көмек көрсету, балалардың психологиялық денсаулығын қалыптастырудағы көрсетілетін көмекті жақсарту және скриннингтік бағдарламаларды жетілдіру жөнінде сөз сөйледі, сондай-ақ еліміздегі жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті және жыныстық денсаулығын қорғау жөнінде сөйлеушілер болды.

Балалар мен жасөспірімдердің жыныстық және репродуктивті денсаулығы мәселелері бойынша Қазақстан медико-педагогикалық қауымдастығының вице-президенті Н.Н.Рахальская сөз сөйледі, «Практикалық психологиялық орталық» ҚБ үйлестірушісі Е.А.Кондратюк еліміздегі жасөспірімдердің өз өміріне қол салуы мен соған алып келетін себептерді зерделеудің нәтижелері туралы, сондай-ақ мектептерде әр түрлі жастағы топтар мен өзіне қол салу қаупі жоғары топқа психологиялық қолдау жүйелерін құру туралы,  өз өміріне қол салуды болдырмау жөніндегі іс-шаралар туралы айтты.

Жалпы алғанда осы зерттеулердің бәрі балалар мен жасөспірімдердің жыныстық және репродуктивтік денсаулығын қорғаудағы, мектептерде әр түрлі жастағы топтар мен өзіне қол салу қаупі жоғары топқа психологиялық қолдау жүйелерін құрудағы,  өз өміріне қол салуды болдырмау бойынша жаңа көзқарастар қалыптастыруға негіз болады деген пікірге тоқталды.

Диалог алаңының отырысының нәтижелері бойынша ұсыныс жобасы талқылынды.