Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Жамбыл Ахметбеков спортшыларды құттықтады



Қымбатты достар!



Он күн бойына әлемдік жаңалықтардың басты тақырыбы болған Универсиада-2017 спорттық мерекесі өз мәресіне жетті. Біздің еліміздің атынан жарысқа түскен барлық спортшыларды, жеңімпаздарды осы спорт мерекесінің табысты өтуімен шын жүректен құттықтаймын. Біз жерлестеріміздің әрбір жеңісін асыға күттік, әрбір медал біз үшін шын мәнінде қуаныш болды. Аса жоғары дәрежеде өткен бұл әлемдік спорттық шара еліміздің халықаралық аренадағы абыройын асқақтатты. Баршаңызды осындай жауапты шараның табысты өтуімен құттықтаймын, біздің спортшыларымыз, жеңімпаз жерлестеріміз әлі де жеңістер биігінен көріне берсін деп тілеймін.


Жамбыл Ахметбеков

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,

ҚКХП ОК хатшысы