Ахметбеков
Жамбыл
Әужанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
ҚКХП өкілдері Мемлекет басшысының билік тармақтарын бөлу жөніндегі конституциялық реформасына қатысты брифинг өткізді


ҚКХП өкілдері Мемлекет басшысының билік тармақтарын бөлу жөніндегі конституциялық реформасына қатысты брифинг өткізді

Брифингке ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков те қатысып, мына мәселелерге ерекше тоқталды:

 - Конституциялық өзгерістердің ішінде Парламент өкілеттігін күшейту ұсынылды. Парламент сайланбалы орган болғандықтан, депутаттар халық арасынан тікелей келетін халық өкілдері. Сондықтан Парламенттің рөлінің күшейтілуі мемлекеттік билік пен халықтың одан әрі жақындасуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар партиялардың Мәжілістегі Фракциялары арқылы халық билігін жүзеге асыруға мүмкіншіліктері көбейеді.

Үкімет жаңадан сайланған Мәжіліс алдында өкілеттігін доғарады және жеңімпаз партия Үкіметті жасақтайды.  Осылайша Үкіметтің алдына қойған талаптарының нәтижелерін бақылауда Мәжілістің ықпалы артады, сонымен қоса партиялардың саяси рөлі күшейеді. Мұның бәрі қоғамдағы азаматтық белсенділіктің артуына, мемлекеттік билік тармақтарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге, түптеп келгенде қоғамның одан әрі дамуына әсер етеді.

Елдегі сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмыстары жетілдіріледі. Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюдың ең тиімді жолы азаматтық қоғам нығаяды.

Президенттің өз өкілеттігінің бір бөлігін Үкіметке беруі атқарушы органдар жұмысын жандандыруға бағытталған шара. Үкімет елдегі бүкіл атқарушы билік саласын жүзеге асыратын, соған жауап беретін ең жоғарғы мемлекеттік орган, оған елдегі бүкіл экономикалық, әлеуметтік салаларды тікелей басқару жүктелген. Конституциялық өзгерістер енгізілген соң Үкіметтің әр саладағы қызметі үшін дербес жауапкершілігі күшейеді. Үкіметке Мәжіліс тарапынан да бақылаудың болуы атқарушы органдар қызметінің тиімділігінің артуына әсер ететініне кәміл сенеміз - деп атап өтті Ж.Ахметбеков.